Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ «Ел тірегі» акциясына келгендерді ұстап әкетті (видео)

KAZAKBOL.COM

7 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ үкімет отставкасын талап етіп, мәжбүрлі вакциналауға қарсы шыққан бір топ адамды ұстап әкетті.

Полиция оларды акция орны ретінде белгіленген «Бәйтерек» монументіне де жеткізбей, «Нұрлы жол» аллеясы маңында қоршап алды. Бұдан соң наразылар «Үкімет отставкаға кетсін!», «АЭС салынбасын», «Вакцинаға мәжбүрлемесін» деп айқайлап, пікірлерін айтты. Шамамен 20 минуттан соң полиция оларды бір-бірлеп ұстай бастады.

Азаттық тілшісі полицияның он шақты адамды ұстағанын көрді. Журналист Махамбет Әбжанның хабарлауынша, шамамен 25 адам ұсталған. Ол акция басталмай тұрып сол маңға бірнеше автозак қойылып жатқанын хабарлаған еді.

Наразылық акциясын ұйымдастырушы тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі, бұрынғы «Нұр Отан» мүшесі Нұржан Әлтаевтың сөзіне қарағанда, полиция 6 қыркүйек кешке және 7 қыркүйек таңертең «Қазақстанның түрлі өңірінен митингіге қатысу үшін келген 20 шақты адамды ұстап, акцияға жібермеген». Ол полицияның әрекетін заңсыз санайды, себебі партия өкілдері заңда көрсетілгендей 5 күн бұрын әкімдікке 7,8,9 қыркүйекте митинг өткізетінін хабарлап, ескерту берген.

«Әкімдік жауап бермеді. Заң бойынша, егер әкімдік жауап бермесе, шара рұқсат етілген болып саналады ғой» деді ол журналистерге.

Оның айтуынша, 6 қыркүйекте тәжік-ауған соғысының ардагері, «Ел тірегі» өкілі Мұрат Мұхаметжанов «митингіге шақырғаны үшін» 15 күнге қамалған. Бұған қоса, партияның заңгері Нұрсұлтан Ермаханов та әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған 25 маусым күнгі митингіге қатысты деген айып тағылған.

«Әкімшілік кодекс бойынша, іс мерзімі екі айдан соң бітеді. Яғни, мерзімі 25 тамызда өтіп кеткен. Соған қарамастан оны да ұстап, жауапкершілікке тартты» деді Нұржан Әлтаев.

Оның сөзіне қарағанда, наразылар бүгін үш талаппен келген: біріншіден, үкімет отставкасы, вакцина салдыруды мәжбүрлемеу және атом электр станциясын салдырмау.

«Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде АЭС салынады деді. Билік АЭС бізге керек пе, жоқ па деп Қазақстан халқынан сұраған жоқ. Менің ойымша, оның (Тоқаевтың) халықтың атынан АЭС саламыз деп айтуға құқығы жоқ. Ондай құқықты ешкім берген жоқ. Біз осындай кезде халық болып жұмылып, АЭС-ке қарсы тұруымыз керек. Арыста жарылыс болды. Жамбылда жарылыс болды. Қазір біздің білуімізше, бізде 44 елді мекеннің қасында әскери қоймалар тұр. Оны ешкім ойлап жатқан жоқ. Бізде жарылыс болса ғана жүгіре бастайды. Әскери қойманың өзінде қаншама халық зардап шегіп жатыр. Ал ертең АЭС салса, онда не болмақ?» деді Нұржан Әлтаев.

7 қыркүйекте Шымкент пен Ақтөбе қалаларында да бір топ адам мәжбүрлі вакциналау мен балаларға вакцина салдыруға қарсы шыққан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM