Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаев «жауапсыз монополистерді» жазалауды бұйырды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерді таяуда халыққа жолдауының мәнісін анықтауды шақырып, жауапсыз монополистерді жауапқа тартуды бұйырды.

7 қарашада Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Назарбаев әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша, Қазақстан халқын коммуналдық қызмет бағасы мен білім және медицина қызметінің қымбаттығы алаңдатады деді.

Қазақстан Президенті үкімет пен бас прокуратурадан тарифтердің негізсіз көтерілуіне жол берген тұлғаларға қатысты барлық құқықтық актілердің заңға сай орындалуын талап етті.

– Электр энергиясы мен жылу тарифтері мәселесі – проблеманың бір бөлігі ғана. Басқа да қызмет көрсетуші-монополистер бар. Бұл ауыз су, газ, кәріз жүйесі, телефон байланысы және интернет үшін көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету ісіне де қатысты. Монополияға қарсы комитет осы мәселелерді де ретке келтіруі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті энергия жеткізуші компаниялардың осы әрекеттерінен тұрғындарға келген шығын көлемі 14 миллиард теңгеге жеткенін айтып, энергиямен қамтамасыз ететін компаниялардың заңсыз кірісі 15 миллиард теңге болғанын атап өтті. Сондай-ақ, тексеріс нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан тарифтерді төмендету үшін бөлінген субсидиялардың тиімсіз пайдаланылғаны анықталған.

– Қапшағай қаласынан бір ғана мысал келтірейін. Бағдарламаның іске асырылу кезінде тариф екі есе өскен. Энергиямен қамтамасыз ететін құрылғылардың тозу көрсеткіші 53-тен 77 пайызға ұлғайған. Барлық құқық бұзушылықтар Ұлттық экономика, Энергетика министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау жасалмағандықтан және олардың әрекетсіздігінен туындап отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM