Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаев жерін қорғаштаған халқына ризашылығын білдірді

KAZAKBOL.COM

Бүгін Астанада өткен ҚХА-ның XXIV сессиясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жерін қорғаштаған қазақ халқына риза екенін білдірді.

Бұл туралы жазба Ақорданың Твиттер-парақшасында жарияланды.

«Ағайынға ризамын. Лайым жерге деген көңіл осындай болса, халқымыз қасық қаны қалғанша оны қорғайды деп сенемін», — деді аталған жиын барысында Назарбаев.

Президент сондай-ақ, Жер туралы кодекстегі өзгерістер арқылы ауыл шаруашылығындағы шаруақор ағайынға жеңілдік жасау көзделіп отырғандығын да атап өтті.

«Жер – ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз, ұлтымыздың ұлы байлығы. Қазақтың даласы – халықтың меншігі. Қазақстанның 14 мың шаршы км шекарасын шегендеу үшін мен 8 жыл келіссөздер жүргіздім. Жер туралы кодекстегі өзгерістер арқылы ауыл шаруашылығындағы шаруақор ағайынға жеңілдік жасау көзделіп отыр», — деп атап өтті елбасы өз сөзінде.

Айта кетейік, бұған дейін Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге наразылық білдірген халық Атырауда митинг ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар, ел тұрғындарының басым бөлігі әлеуметтік желілер арқылы заңға өз қарсылықтарын білдіруде. Олар үкімет ұсынып отырған жерді сату және шетелдіктерге жалға беру бастамасына түбегейлі қарсы.

Дереккөз: Nur.kz



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM