KAZAKBOL.COM

Алаяқтық да алаяғы бар.  Нұрсұлтан Назарбаевтың немересімін деп, қолдан жасалған қызметтік құжатпен елді бопсалап келген жігіт ұсталды. Құжат бойынша кәдімгі жоғары қызметте отырған шенеунік. Ал, түптеп келгенде іздеуде жүрген алаяқ болып шықты.  Сонымен, полицейлер куәліктің жалған екенін қалай анықтаған?  Жалпы, кез-келген құжатты түпнұсқадан айнытпай жасатудың жолы оңай ма? Оның құны қанша тұрады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«-Где ты работаешь? Агенство  по борьбе с коррупцией. И че можно с бухлом ездить что-ли? Я тебе дам че ты? Что дашь? Бабками»

Әуел баста «кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе өзі?» дегендей сыңай танытып,   дөкейлігін қызметтік құжаты арқылы көрсетпекші болған мына жігіттің ойлағаны іске аспады.  Өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған  ол рөлге мас күйінде отырып, жол апатын жасағаны былай тұрсын, қолындағы құжаты жалған, ал тізгіндеген көлігі ұрланған болып шықты. Кейін анықталғандай, осыдан бірнеше жыл бұрын  полиция қызметкерінің құжатын да жасатқан екен. Бірақ  ол ол ма? Елбасының немересімін деп, кезінде 15 млн теңгеге жуық қаржы да жымқырыпты.

АБЗАЛ БЕКБОСЫНОВ, ЗАҢГЕР
«Әрине ол бір емес, бірнеше рет өзінің әрекеттерін жүзеге асырып жүрген азамат. Оған қатаң жаза берілуі тиіс. Қазіргі таңда ол қамауда. Сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»

Бұл қаладағы жұмысы жүріп тұрған баспаханалардың  бірі.  Кітап, журнал, газет дегендерді шығарумен айналысады. Одан бөлек…

АИДА ШАКИРГАНОВА,  САТУ ЖӨНІНДЕГІ  МЕНЕДЖЕР
«Міне осыдан бір апта бұрын жалған құжат жасағысы  келген бір азамат хабарласты. Бірақ біз әрине жасамадық. Өйткені бұл заңға қайшы.  Біз құжаттарды қай жағдайда жасаймыз? Егер бізге оның сол қызметте жұмыс істейтінін дәлелдейтін барлық құжаттары ұсынылса»

Иә,  құжат әзірлеумен айналысса да, әйтеуір оларда барлығы  заң аясында жүріп жатыр. Алайда  жалған құжаттардың төресін, желідегі жарнамалардан көресің.  Қызметтерін ашықтан-ашық ұсынып жатыр.

«Какая специяальность вас интересует? Ну вот государственные органы мне надо.+0139  Из силовых структур. Надо документы вам принести  да чтобы сделать ? Удостоверение. И все. Да да»

Ал  құжатыңыздың бағасы қызметіңіздің қандай екеніне тікелей байланысты екен. Неғұрлым жоғары лауазымды таңдасаңыз, ақшасын да сәйкесінше көп төлейсіз.  Кемі 10 мыңнан басталады.

Осылайша бүгінде, қай құжаттың шын, қайсы жалған екенін ажырату өте қиынға соғатын болған. Өйткені айнытпай етіп жасайды.  Десе де желідегі жарнамаларды былай қойғанда,  халық арасында қаладағы кеңселерден де мұндай жалған құжаттарды  рәсімдеуге болады деген әңгіме де бар.

Қалай болғанда да, жалған құжат абырой емес, атақ әкелмес. Оны жасағандар да, сатып алғандар да, бірдей жауапкершілікке тартылады. Алайда, жазасы тым жеңіл. Бас бостандығынан айырмайды тек шектейді немесе айыппұл салады. Оның да соммасы көп емес.  Мұндай пысықайлардың көбейіп, қызметтерін қорықпай жүргізіп жүргендері де содан болар.

Первый канал Евразия

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя