Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаевтың келіні Гүлмира Сатыбалды сегіз жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Қызылорда облыстық соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға соттады. Сот оны өзгенің мүлкі талан-таражға салды, иемденді деп таныды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сот оған коммерциялық ұйымдарды басқаруға 10 жылға тыйым салған.

Тергеу мәліметінше, 2018 жылғы күзде Сырдарияның сол жағалауында жылу жүйесі құрылысына мемлекеттік тендер жарияланатынын алдын ала біліп, «Ария-Жаңа Астана» компаниясының жетекшісі Ғани Бекбосыновқа байқауға қатысуға құжат әзірлеуді тапсырған. Сатыбалдының ықпал етуімен тендерді «Ария-Жаңа Астана» жеңіп алған деп есептейді тергеушілер.

2018-2020 жылдар аралығында Сатыбалды Бекбосыновпен бірге 2 млрд 130 млн теңгенің ($4,7 млн) атқарылды делінетін 14 акт қабылдаған. Сотталушының заңсыр әрекеттері салдарынан мемлекет 441 млн теңге (965,5 мың доллар) шығынға ұшыраған.

2023 жылғы мамырда Қазақстан соты Гүлмира Сатыбалдыны «адам ұрлау» және «өзінше билік ету» баптары бойынша айыпты деп танып, жеті жылға соттаған.

Қазақстанда қаңтар оқиғасынан соң Назарбаев отбасының мүшелері мен соның қарамағындағы адамдар қызметтен айрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезде биліктегі тамыр-таныстықпен күресуге уәде берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM