Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОҚО-да үш баласы бірінен соң бірі қайтыс болған әйел бұл жайтқа дәрігерлерді кінәлауда

KAZAKBOL.COM

Қайғыдан қан жұтқан ана. 31 арнадан кадр

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының отыз жастағы тұрғыны Жадыра Жандарова соңғы бірнеше жылда үш баласы бірінен соң бірі қайтыс болғанын айтып, дәрігерлерге қатысты шағым білдірді деп хабарлайды 31 арна.

Төрт баланың анасы Жадыра Жандарова Сайрам ауданында тұрған кезінде бір тәулік қана мазасызданған екі жасар Әсемайына дәрігерлер дұрыс диагноз қоя алмағандықтан, қызынан айырылғанын айтады. Арада тура екі жыл өткенде, бір жасар ұлы Әлімжан екі күндей ауырады. Жүрегін аппаратқа түсіріңіз деген дәрігерлердің нұсқауын толық орындаған ана, екі күнде көз алдымда баламнан айырылдым дейді.

Жұмбақ күйдегі екі перзенттінің қазасынан соң, жер алмастыру керек деген мамандар кеңесіне құлақ түрген отбасы, Арысқа көшеді. Тағы да екі жылдан соң, екі жасар ұлы Тұрлыхан әп-сәтте қысылып қалады. Учаскелік дәрігер үйіне келуден бас тартқан соң, баласын құшағына алған ана емханаға жүгіріп өзі жетеді.

Осыған дейін екі баламнан айырылғанмын, үшінші жағдайға қатты алаңдаймын десем де, хал үстінде тұрған ұлымды ауруханаға жатқызбады. Бір жапырақ қағаз ұстатып, зерттеуден өтуге облысқа жіберді, ал жолда балам көз жұмды дейді.

«Немқұрайлы қарағаныңыз үшін, бір қағаз үшін жолда менің балам өлді ғой дедім. Сол кезде барлығыңыз жабылып неге қарамадыңыздар дедім. Неге сол кезде емханаға жатқызбадыңыздар дедім. Жан жақтан педиатр, кардиолог, невропотолог барлығы келіп көру керек еді… «, — деп күйінді балалардың анасы Жадыра Жандарова.

Жадыра Жандарова облыстық денсаулық сақтау басқармасына шағым түсірген. Тексеру қорытындысы емдеу мен диагностикалау талаптары бұзылғандығы және динамикалық бақылау кемшіліктері бар деп, дәрігерге тәртіптік шара қолданылғандығы хабарланған. Зейнеткерлікке шықса да, қызметін жалғастырып отырған Арыстағы емхананың балалар невропотолог-дәрігері Салтанат Айдарханова бала шауып жүрген, хал үстінде болған жоқ дегенді айтып отыр.

«Ондай болған жоқ. Мен ақымақ емес шығармын, мен неше жылдан бері істеп отырып, бір бала мұндай болған емес», — дейді Арыс аудандық емханасы балалар бөлімшесінің невропотолог-дәрігері Салтанат Айдарханова.

Жадыра мен күйеуі Ерденнің қолында қазір Бақытжан есімді бес жасар ұлдары ғана қалған. Аракідік ол да ауырып қалатын көрінеді. Үш перзентінен айырылған отбасы ізденіп жүріп, баласын Алматыға қаратқан. Дәрігерлер гипопаратиреоз диагнозын қойыпты. Қосымша генетикалық зерттеу қажет деген көрінеді.

Ал оны өту үшін 250 мың теңге қажет болған. Қаржы таппаған ана облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысынан жәрдем сұрадым, алайда қаржы жоқ деп жауап қатты дейді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM