Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОҚО-да үйленгеніне бір апта болған жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

KAZAKBOL.COM

Жоғалған жігіт. ТВК арнасынан кадр

ОҚО-да Үсенов Талғат Әлібекұлына іздеу жарияланды. 2016 жылдың қазан айының төрті күні кешкі сағат 6-да жұмысынан үйіне қайтқан 28 жасар жігіт сол күйі отбасына оралмаған деп хабарлайды «ТВК» арнасы.

Өзара іздеуге кіріскен ата-ана бұл әрекетінен ештеңе шықпағандықтан көпшіліктен көмек сұрап отыр. Талғат Әлібекұлының бұрын соңды мұндай әрекеті байқалмаған. Үйленгеніне бір апта ғана уақыт болған Үсеновті үйіндегілер аман-есен оралады деп үміттенеді.

Талғат Әлібекұлы Саз мектебінде ұйымдастырушы болып жұмыс істеген. Тіпті той-томалақтарға да шығып әншілік қызметін атқарып жүрген. Алайда, жоғалған күннен кейін көп ұзамай анасына менде барлығы жақсы деген хабарлама жіберген.

«4 қазанда жұмысқа шығып кеткен. Әлі жоқ. Телефоны өшіріліп тұр. Көрген-білген адам жоқ. Баламның табылуына көпшіліктің көмектесуін сұраймын», — дейді жігіттің әкесі.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM