Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қолөнерші бұйымына жарнама жасамай қойған Мөлдір Әуелбековаға айып тақты (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото әншінің желідегі парақшасынан алынды

Отандық қолөнерші танымал әнші Мөлдір Әуелбековаға айып тақты. Қолдан әшекей бұйымдар жасап сатумен айналысатын келіншек Әйгерім Ахметова 20 мыңның бұйымдарын алып, жарнама жасамай қойған Мөлдірге ашулы екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Редакцияға хабарласқан оқырман әншіге деген өзінің ренішін жеткізді. Айтуынша, қаңтар айында ол өзі Мөлдірге желідегі парақшасы арқылы хат жазып, бұйымдарын жарнамалап беруді сұраған. Әйгерімнің сөзіне сенсек, Мөлдір оның Instagram парақшасынан жалпы құны жиырма мың теңге тұратын үш бұйымды таңдап алған екен.

«Бұл бұйымдардың барлығын Мөлдірдің Астанадағы үйіне курьермен жібердім. Сосын қашан жариялар екен деп күттім. Бір жарым, екі айға жуық уақыт күттім. Аз-маз қолдау болсын кәсібіме деп ойладым. Содан кейін оған жарнаманы қашан жасайтынын сұрадым. Ол әлі әшекейлерді тақпағанын айтты», — деген ол әншінің желіге салатын жарнамасын күтумен жүргенін айтады.

Аз уақыттан соң, ол әншіден егер жарнама жасамаса, сыйлығының ақшасын қайтып беруді сұраған. Әншімен біраз сөзге келіп қалған қолөнерші 3 наурызда шот нөмерін жазғанын айтады. Бірақ әнші қолөнершінің жиырма мың теңгесін әлі күнге дейін салмаған көрінеді.

«Барлық жазысқан хабарламаларды өшіріп тастады да, мені банға тықты. Мен басқа фейк парақша ашып оған тағы жаздым. Сол кезде ол «мен салмаймын жарнамаңды, сен менімен ұрсысып мазамды алдың», — деді. Мен ақшаны ойлап тұрған жоқпын, жай біз секілді шағын кәсібі бар, қолөнеріммен күн көріп отырған адамды олай сабылтып қойғанына ренжідім», — деді ол.

Ал әнші Мөлдір Әуелбекованың менеджері Меруерт болса, бұл жайттың орын алғанын жасырмайтынын жеткізді.

«Мөлдірге мұндай ұсыныстар күн сайын түседі. Кей адамдар өздері жарнама қажеті жоқ, жай сыйлық болсын деп жататындар да бар. Ал жарнамаға келер болсақ, оны уақыт ұттырып барып жарияламасақ, оның желідегі парақшасы жарнамаға толып кетеді.

Сондықтан күте тұр деген Мөлдір оған. Ол күте алмаймын деп ренжіген соң, Мөлдір онда ақшасын берем депті, бірақ баламен қолы босамай жатыр. Сөйтсе, ол мен анда барам, мында барам деп Мөлдірге қоқан-лоқы көрсеткен екен. Бұған Мөлдір ашуланып, не істесең де өзің біл депті. Бұйымдарыңды алып кет десе, ол «алмаймын, ақшасын төле», — деп талап етіп жатыр екен. Оның бұлай талап етуге құқығы жоқ. Ол өзі сыйға тартқан. Мөлдір: «Келсін де, әшекейлерін алып кетсін», — дейді.

Бізге сыйлықтарын берген жалғыз ол емес, күт деген уақытта күтеді барлығы. Біз бірден шығара салмаймыз ғой. Ал ол келіншек түсіністік танытпай, оған түрлі сөздер жазған», — деп түсінік берді ол.

Оқырман әншімен сөйлескен жазбаларын да редакцияға жолдады. «Тауарды қайта алмаймын», — деген қолөнерші әншіге деген ренішін жасырмады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM