Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Ол жақта тозақ». Зеленский Ресей Донбассты бомбалауды үдетті дейді

KAZAKBOL.COM

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Донбассты «толығымен жойып жатыр» деп мәлімдеді.

19 мамыр күні кешкісін жариялаған видео мәлімдемесінде Зеленский Ресей күштері украиндықтарды өлтіріп, геноцид жасап жатқанын қайталады.

«Ол жақта тозақ — бұл асыра айтқандық емес, 19 мамырда Донецкінің солтүстік өңірінде атқылаудан 12 адам қайтыс болды», — деді Украина президенті.

«Одесса облысын, Украинаның орталық қалаларын атқылап жатыр. Донбасс толығымен қирады», — деді Зеленский.

Зеленский 19 мамырда Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен қаржылай көмек және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселесі жөнінде сөйлескенін жеткізді.

Осының алдында Қызыл Крест Халықаралық комитеті Мариупольдағы «Азовсталь» металлургиялық комбинатынан шыққан жүздеген украиндық сарбазды әскери тұтқын ретінде тіркеуді бастағанын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM