KAZAKBOL.COM

Ресейдің Омбы қаласындағы қандастарымыздың қазіргі тұрмыс-тіршілігі қандай? Шаһардың ортасындағы шағын ауданда тұратын ағайындарымыз ана тілін ардақтап, ата салтты ғұрыптауды ұмыт қалдырмапты. Тіпті, мектеп жасындағы қара домалақтарға руын жаттатып, қазақтың күйін үйретіп жүрген жандардың да қарасы көп. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Омбының ортасында Қаржас деген шағын аудан бар. Кезінде үлкен ауыл болған. Қала үлкейгеннен кейін квартал болып қалып қойған. Мұндағы тұрғындардың дені қазақтар. Сол қандастардың тұрмыс тіршілігін көрейік деп арнайы іздеп келдік. Көзкөргендердің сөзінше, Қаржас ауылының тарихы тереңде жатыр. Тіпті Омбы қаласынан бұрын болған деседі. Мұндағы тұрғындарда ешқайдан көшіп келмеген, осы өлкені ен жайлаған байырғы жұрт. КҮЛӘШ БАЙМЫШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мен бала кезімде әкемнен сұрадым. Қашан келдік біз Қазақстаннан деп. Әкем айтты, орынды көрсетті. Шарбақкөл ауданында Қаратоқа деген ауыл. Мен осында тудым, әкем осында туды, атам осында туды деді». Күләш Баймышева Ресейдегі қазақ халқы, ұлттың тілі мен дәстүрі құрып кетпесін деп шырылдап жүрген жанның бірі. Омбы жеріндегі Шарбақкөл ауданында туып өскен. Арғын руының ішінде Атығайдың қызы. КҮЛӘШ БАЙМЫШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Сабаққа келгенде мен бірінші балалардан аты жөнін сұрағаннан кейін руын сұраймын. Балаларға жазам дәптерге. Ұмытпаңдар руларыңды. Бірінші аты жөннен кейін ру. Ол ұят болады. Аталарыңды білу керек деп». Күләш апайдың ұйытқы болуымен осындағы «Мөлдір» мәдени орталығының жанынан қазақ тілі курсы мен домбыра үйірмесі ашылған. Қазақстанға барып көрмесе де шәкірттері күй шертіп, тілін сындырып, өлең оқып жүр. Жаралғандай намыстан, жайсаң батыр Бауыржан, Естігенде есімін, жау есінен жаңылған. Бұзып жарып қоршауды, жолсыз жерден жол салды. Достар түгіл ерлігін, қаста естіп таң қалды. Омбыдағы қазақ отбасыларының үйіне кірсең өзге мемлекетте жүргеніңді ұмытып кетесің. Бәрі алтын бесік ауылдағы дәстүр. Ашық-жарқын қабағы, қонақ келсе шабылып бір қалады. САЛТАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бір совхоз бар, Екатиринаславка деген. Соның бірнеше отделениесі бар. Құдықшілік, Шақат, Қарағаш, қасымыздағы ауылдар. Қойшыбай деген. Әлі солай аталады. Каждый год соғым сойылады. Көше, ел жиналады. Қуырдақ пісіреді, бәрін қонаққа шақырады». Облыс бойынша 17 мектепте қазақ тілі пән ретінде оқытылған екен. Ал қалада үйірмелерде үйретіледі. Бірақ кейінгі кезде бірқатар мектептерде қысқарып жатқан көрінеді. Қандастар Омбы қаласына Қазақстан Президентінің келуін асыға күтіпті. КҮЛӘШ БАЙМЫШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Автобустардан көргенде таңбаларды әбден қуанып қалдық. Оның бәрі бізді сыйлатады басқа халықтарға. Омбының тұрғындары бізге мән берді деп ол да бізді төбемізді көкке жеткізіп, еңсеңіміз көтеріліп қалады». Қазақстанда тұрып қазақша білмейтіндер жетеді бүгінде. Ал мұндағы бауырластардың жат елдің территориясында туып өссе де ана тіліне, ұлтына, еліне деген құрметін, махаббатын көріп қолда бар алтынның қадірін білу керек екенмін деген ой түйесің. КҮЛӘШ БАЙМЫШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Туды көргенде бауырыңды көргендей боласың. Елді көргендей. Тарихи еліміз дейміз ғой. Теледидардан көрсеткенде жүгіріп келеміз. Қазақстанды айтып жатыр деп.Өзіміз осында болғанымен жүрегіміз Қазақстанда ғой».

Первый канал Евразия

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя