Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ондаған тәжік мигранты Мәскеу полициясына шағымданды

KAZAKBOL.COM

30-ға жуық тәжік мигранты Мәскеу полициясынан ұялы телефондарын, киім-кешегін және жарты миллион рубль ақшасын ала алмай жүргенін айтып шағымданды.

Оларды 27 қаңтарда заңсыз шарап шығарып келген цехтардың бірінен ұстаған. Бірақ екі күн өткен соң, бәрін босатқан.

Лоик Самадов есімді мигрант Озоди радиосына бұл цехта төрт айдан бері жұмыс істегенін, бірақ бұл өндіріс орнының заңсыз екенін білмегенін айтады.

«Біз алданып қалдық. Полиция біздің ең соңғы ақшамызды тартып алды. Жылы киімімізді де бермеді», — дейді мигрант.

Бұл цех Армения азаматына тиесілі болған. Тәжік мигранттары цехқа тексеру келген бетте, оның жоғалып кеткенін айтады.

Мәскеудің ішкі істер басқармасы мигранттардың жеке заттары тергеу бөлімінде екенін, тергеу аяқталғаннан кейін, мигранттарға қайтарылатынын жеткізді.

Ресейдегі Тәжікстан елшілігі азаматтарына көмектесетінін айтты. «Біз тексеру жүргіздік. Біздің азаматтар расымен бірнеше заңсыз жұмыс істепті. Әрине, біз оларға көмектесеміз. Мигранттар жұмысқа тұрмас үшін, жұмыс берушілерден келісім-шартты, компания лицензиясын сұрауы тиіс еді», — дейді елшілік өкілі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM