Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Пашинян: Захарова менің мәлімдеме пікір айта алмайды

KAZAKBOL.COM

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның мәлімдеуінше, Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі оның сөзіне пікір білдірмеуі, бар болғаны мәлімет ретінде қабылдауы тиіс.

Алдында ғана Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Армения үкімет басшысының Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысты мәлімдемесіне пікір айтқан.

Захарова сәрсенбідегі брифингте Пашинянның Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген.

«Мұны Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу жөніндегі ұстанымын өткізу деп түсінсек, онда, менің пікірімше, сөзбен бопсалаудың қаншалықты қауіпті екенін ұғынып алғанымыз жөн», деген Захарова7

«Арменпресс» агенттігінің хабарлауынша, Пашинян парламентте депутаттар сауалдарына жауап берген. Парламент өкілдерінің бірі үкімет басшысынан Ресей СІМ өкілінің мәлімдемесі туралы сұраған. Премьер-министр Ресей сыртқы істер министрлігінің қай өкілі мұндай мәлімдеме жасағанын білмейтінін айтқан. «Мен Ресей президентімен, РФ үкіметінің төрағасымен сөйлесемін. Ресей секілді құрметті әрі дос мемлекеттік сыртқы істер министрлігінің өкілі де менің сөздеріме пікір айта алмайды», деп жауап берген Пашинян.

Сәрсенбі күні кешке Пашинян Мәскеуге жолға шықты. Ол Ресей астанасында Еуразаия экономикалық одағының кезекті отырысына қатысады. Бұған қоса, Мәскеуде Пашинян Ресей президенті Владимир Путин және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен үшжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM