Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Пашиняннің жақтастары қарсылық акциясын жалғастырды

KAZAKBOL.COM

Армениядағы оппозициялық «Елк» саяси блогының жетекшісі Никол Пашиняннің жақтастары 2 мамыр күні таңертең Ереван мен басқа да қалаларда азаматтық бағынбау акцияларын жалғастырды.

1 мамырда парламентте премьер-министрді сайлау үшін өткен дауыс беруде депутаттардың жартысынан көбі Пашинянға қарсы дауыс берген.

Бұдан соң халық алдында сөйлеген Пашинян Армения азаматтарын азаматтық бағынбау акцияларын жалғастыруға, көшелерді, метро мен теміржолды, әуежайды, республикалық маңызы бар жолдарды жабуға шақырған. Ол сонымен қатар жоғары оқу орындарында, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде де шеруге шығуға шақырған.

Бүгін таңертеңнен бастап бір топ азамат «Звартноц» әуежайына барар жолды жапты. Оқиға орнына полицейлер барып, жағдай шиеленісе түсті.

Ереванның басқа бөліктерінде де азаматтық бағынбау акциялары өтіп жатыр. Шеруге қаладағы студенттердің біразы қосылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM