Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Павлодар билігі Төреғали Төреәліні ресми іс-шараларға шақыртудан бас тартады

KAZAKBOL.COM

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Төреғали Төреәлінің бір көрерменмен әдепсіз түрде сөйлескен видеосы талқылануда.

Жуырда Павлодарда орын алған жағдайға байланысты, облыстық мәдениет мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қазақстандық әртісті өңірде өтетін ресми іс-шарларға шақыртудан бас тарту шешімін шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ведомствада 21 желтоқсанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен концерттегі Төреғали Төреәлінің мінез-құлқы орынсыз деп танылды. Сондықтан шенеуніктер жуық арада әншімен байланыс орнатпайды.

— Біз Павлодардағы әр мерекеде қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуіне мүмкіндік беріп, жиі ресми шақыртулар жіберіп тұрамыз, – деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасы.

– Сөз жоқ, біз облысымызда жеке ұйымдастырушылардың тарапынан өтетін коммерциялық концерттерге бақылау жүргізе алмаймыз. Ал мемлекеттік мекемелер өткізетін салтанатты шараларға Төреғали Төреәлі шақырылмайтын болады.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Төреғали Төреәлінің бір көрерменмен әдепсіз түрде сөйлескен видеосы талқылануда.

Казнет қолданушыларының пікірінше, әртіс өз аудиториясына сыйластық танытпаған. Шу көтерілгеннен кейін әртіс желіге шығып Instagram арқылы тікелей эфирде тыңдармандарына мән-жайды түсіндіруге тырысты. Ол залдағы белгілі бір азаматтың айғайы арқылы намысына тигендігін жеткізіп, болған жағдай үшін кешірім сұрады. Сонымен қатар, Төреәлі болашақта ол азаматты жолықтыратын болса, кешірім сұрайтындығына уәде берді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM