Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды.
Павлодар облысында өткен тәулікте 55 жастағы екі әйел адам ыстан уланып қалды. Олардың бірі Успен ауданының тұрғыны болса, екіншісі – павлодарлық, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
— Үш бөлмелі пәтерде жылыту пеші жанып, үш шаршы метр аумақта ағаш құрылымдар өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін оқиға орнынан бір адам аудандық орталық ауруханаға орташа деңгейде улану диагнозымен жеткізілді, — дейді департаментте.
Сонымен қатар екінші подъезде электрқалқанында 0,6 шаршы метр аумақта матрас бықсып жанған. Бұл жерден де қалалық ауруханаға орташа улану диагнозымен бір адам жеткізілген. Өрт болған жерден 43 адам құтқарылған, олардың сегізі — балалар.