Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Павлодар облысында екі әйел адам ыстан уланып қалды

KAZAKBOL.COM

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды.

Павлодар облысында өткен тәулікте 55 жастағы екі әйел адам ыстан уланып қалды. Олардың бірі Успен ауданының тұрғыны болса, екіншісі – павлодарлық, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат жетіде Успен ауылының Пушкин көшесінде орналасқан екі пәтерлі қамыс тұрғын үйдің бір бөлігінде өрт шыққан.
— Үш бөлмелі пәтерде жылыту пеші жанып, үш шаршы метр аумақта ағаш құрылымдар өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін оқиға орнынан бір адам аудандық орталық ауруханаға орташа деңгейде улану диагнозымен жеткізілді, — дейді департаментте.
Бұдан басқа, Павлодар қаласында Мир, 60/1 көшесіндегі тұрғын үйдің бірінші қабатынан бастап төртінші қабатына дейін металл қораптың ішіндегі электр сымдары жанып, 12 метр бойын шарпыған.
Сонымен қатар екінші подъезде электрқалқанында 0,6 шаршы метр аумақта матрас бықсып жанған. Бұл жерден де қалалық ауруханаға орташа улану диагнозымен бір адам жеткізілген. Өрт болған жерден 43 адам құтқарылған, олардың сегізі — балалар.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды.
Ақбота Сейсенбаева
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM