Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Павлодардағы бейімделу орталығы қаңғыбастарға лық толы

KAZAKBOL.COM

1999 жылдың қазан айынан бері жұмыс істеп жатқан орталық 100 адамға ғана шақталған.

Павлодардағы тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған 100 орындық бейімделу орталығында 108 қаңғыбас бар, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Бұл туралы орталық директоры Серік Нұрғожин агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына берген жауабында айтты.

— 9-қаңтардағы жағдай бойынша бейімдеу орталығында тұрақты мекенжайы жоқ 104 адам бар, — дейді Серік Нұрғожин. — Оның 22-сі әйел адам болса, 82-сі ер адам. Бүгін тағы төрт адам қосылып, көрсеткіш 108-ге жетті. Ең жасы 30-да, ең үлкені 83 жасқа толады. 2017 жылы жүгінген 283 адамның 46-сы әйел адам, 237-сі ер адам. 2016 жылы үйі-күйі жоқ жүрген 308 адамға көмек көрсетілген болатын. Олардың арасында ерлердің саны басым – 243, қалған 65-і әйел адам.
Айта кетейік, 1999 жылдың қазан айынан бері жұмыс істеп жатқан орталық 100 адамға ғана шақталған.

Серік Нұрғожиннің сөзіне сүйенсек, мұнда көбінесе өзінің тұрақты баспанасы жоқ, ішімдікке салынып кетуі салдарынан отбасынан айырылған, жұмыс істеу үшін ешбір құжаттары жоқ жиі келеді. Сонымен қатар, балаларының әке-шешелерін күтуге жағдайы болмағанда егде жасқа келген жандар осында келіп бас сауғалайды.

Айта кетейік, жаңа жылдық мереке күндері, 29-желтоқсан және 8-қаңтар аралығында бейімделу орталығы сегіз қаңғыбасты қабылдаған.

Еске сала кетейік, былтыр Павлодар облысында үйі-күйі жоқ кезбелердің қатары 2016 жылмен салыстырғанда 600 адамға артып, 2459-ға жеткен.

Абзал Қабдраш

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM