Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Павлодарда туған қызын аяусыз ұрып-соққан әйел күйеуінен жиі таяқ жегенін айтып ақталды

KAZAKBOL.COM

Қызын сабаған ана. КТК арнасынан кадр

Павлодарда туған қызын аяусыз ұрып-соққан Нұргүл Докуованы аналық құқынан айыруға қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Алғашқы процеске қорғаушысыз, бірақ туыстарымен келген келіншек сотқа бұрынғы күйеуінен жиі таяқ жегенін жеткізіп, өзін ата-ана құқынана айырмауды өтінді.

34 жастағы Докуованың айтуынша, бұған бұрынғы күйеуінің туыстары арандатқан. Сондай-ақ, кезінде күйеуімнен таяқ жедім деген келіншек, ол да балаға қол көтереді деген уәж келтірді. Ал оның бұрынғы күйеуінің адвокаты болса, кішкентай Айлинді әкесі бағуы тиіс деп отыр. Себебі, бүлдіршін осы уақытқа дейін анасын бір рет те сұрамаған. Яғни, оны ұмытқысы келеді екен.

Еске сала кетсек, үш жасар қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті қоғамда шу шығарған. Оқиғадан соң, қалалық білім бөлімі Докуованы аналық құқынан айыру туралы арыз түсірген болатын. Сондай-ақ, балаға көрсеткен қатыгездігі үшін қозғалған қылмыстық іспен полиция айналысуда.

«Бала үш аптадан бері анасын бірде бір рет іздеген емес. Яғни, ол өзімен болған сол жайтты ұмытқысы келетін сияқты. Ал анасы оны көргісі келетінін айтып, балабақшаға да келгісі келді. Бірақ,Айлиннің әкесі бұған келіспеді. Ол сұмдық оқиғадан кейін қызын өзі тәрбиелеп, бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырғысы келеді», — дейді Ермұрат Қасымовтың адвокаты Гүлбақыт Бежанова.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM