Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Перу парламенті президентке импимент жариялады. Педро Кастильо ұсталды

KAZAKBOL.COM

Перу парламенті сәрсенбі күні ел президенті Педро Кастильоға импичмент жариялады. Жергілікті полицияның хабарлауынша, Кастильо ұсталды. Оның үстінен мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді, билікті асыра пайдаланды деген айыптармен қылмыстық іс қозғалды.

Бір күн бұрын Кастильо конгресті (Перудің бірпалаталы парламенті) таратқанын, елде төтенше жағдай мен комендант сағатын енгізгенін жариялады. Алайда конгресс тараудан бас тартып, оның орнына Кастильоның өзін қызметтен алу мәселесін дауысқа салды. Импичментті 101 депутат қолдады, алты депутат қарсы шықты.

Конгресс Кастильоның мемлекеттік билікті жоғарғы органын тарату туралы жарлығын Конституцияға қайшы, яғни төңкеріс жасауға әрекет деп бағалады. Парламенттегілердің пікірімен АҚШ-тың Перудағы елшісі Лайза Кенна да келіседі. «АҚШ президент Кастильоның конгрестің заңды жұмысына кедергі жасағысы келген Конституцияға қайшы әрекетімен келіспейді», — деп жазды ол твиттерде. Мемлекеттік департамент өкілі брифингте Кастильоны «бұрынғы президент» деп атады.

Перу заңдары бойынша, когресс екі үкіметке сенімсіздік танытқан жағдайда ғана президент оны тарата алады, бірақ мұндай жағдай елде болмаған.

Кастильо когресті таратып, төтенше үкімет құрып, кезектен тыс парламент сайлауын жариялап, «жаңа Ұлы еркіндік хартиясын», яғни ел Конституциясын қайта жазып шыққысы келген.

Үкіметтің бір бөлігі — сыртқы істер, әділет, экономика, білім және мәдениет министрлері қызметтен кетті. Полиция мен армия парламент жағын таңдады: сәрсенбі күні таңертең олар президентке заң бұзуға жол бермейтінін ескертті. Күндіз мемлекет басшысының қамауға алынғаны мәлім болды.

Перу бас прокуроры Даниэль Сориа Ұлттық прокуратураға Кастильоға қарсы қылмыстық іс қозғау туралы өтініш тапсырды. Кастильоның орнына вице-президент Дина Болуарте отырды, ол парламентте ант қабылдады.

60 жастағы Болуарте Перу президенті қызметіне келген алғашқы әйел. Ол бұл қызметті 2026 жылдың шілдесіне дейін, яғни Кастильоның президенттік мерзімі аяқталғанша атқаратынын мәлімдеді.

Перу конгресі алты жылдың ішінде бесінші президентті қызметтен алып отыр. 2018 жылы Педро Пабло Кучински парламент дауысқа салмай тұрып қызметтен кеткен, бірақ сонда да сотталған. Ал одан кейінгі президент Мартин Вискарра 2020 жылы он жыл бұрынғы жемқорлық қылмысы үшін қызметтен алынды. Педро Кастильо билікке 2021 жылғы маусымда келген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM