Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Петропавлда қамыс өртеніп, он шақты отбасыны үйсіз қалдырған

KAZAKBOL.COM

7 мамырдың кешіне қарай Петропавл маңындағы қамыс өртенген. Өртті жел айдап, төңірегіндегі жекеменшік үйлерген түскен. Ресми мәліметке қарағанда, тоғыз үй өртенген, жеті үйде адам тұрып жатқан.

Жергілікті билік 40 адамды эвакуациялаған. Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдай департаменті өрттің 21:55-те өшірілгенін хабарлады. Адамдар зардап шекпеген.

Алайда жергілікті «Петропавловск.news» сайтының мәліметіне қарағанда, бір адам ауруханаға түскен.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров үйі өртенгендерге уақытша баспана берілетінін телеграм-арнасында хабарлады.

«Өртенген үйдің тұрғындары №25 мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды. Төсек-орын, ас-су берілді. Тұрғындармен кездестім. Арнаулы комиссия құрылды. Үйі өртенгендерге уақытша баспана береміз»,- деді ол.

Өрт себебі әзірге белгісіз, жергілікті биліктің хабарына қарағанда, қауіпсіздік ережесі сақталмаған, алау жаққандар да болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM