Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин кешке қарай мейрамхана мен клубтарды жабуды бұйырды

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин аймақ басшыларына 23:00-ден таңғы 6:00-ға дейін мейрамханалар мен түнгі клубтарды жабуды бұйырды. Бұл туралы Кремль сайтында хабарланды.

Ақпаратқа қарағанда, бұдан бөлек COVID-19 вирусына қарсы вакцина алмаған жасы 60-тан асқан азаматтарды бір ай көлемінде онлайн жұмыс істеуге міндеттеген.

Сонымен бірге қоғамдық орындарға азаматтар QR-кодпен ғана кіре алатын болады.

Аймақ басшылары бұл шаралар бойынша алғашқы баяндамасын президентке 30 қарашада дайындауы тиіс. Одан әрі олар ай сайын мәлімет беріп отырады.

20 қазанда Владимир Путин 30 қазаннан 7 қарашаға дейін карантин жариялап, жергілікті билікке эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзартуды не қысқарту мүмкіндігін берген.

Ресейде қыркүйек айының соңынан бері коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп, көз жұмғандар саны артып жатыр. 19 қазаннан бері індеттен бір мыңнан астам адам қайтыс болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM