Президент России Владимир Путин на военных учениях

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин ондаған елдің басшысына, соның ішінде НАТО-ның барлық мүшесіне, Еуропада орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар орнатпау туралы хат жолдады.

Бұл туралы «Коммерсантъ» газеті НАТО елдерінің дипломаттарына сілтеме жасап хабарлады. Олар БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына жиналған еді.

Дипломат сөзінше, Путиннің хаты 19 қыркүйекте жолданған. Еуроодақ сыртқы саясат мекемесінің басшысы Федерика Могерини мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг те Ресей президентінен хат алған.

Бұл хатта Путин АҚШ Еуропа мен басқа да аймақтарда орта және шағым қашықтыққа ұшатын зымыран орнатпаса, мұндай қадамға Ресей де бармайтынын жазған. Бірақ АҚШ бұл ұсыныстан бас тартып отыр. Путин өзге де елдерді Ресей ұсынысын қолдауға шақырды.

Путин хатын алған елдердің бірі Ресейдің бұл ұсынысын қолдамайтынын «Коммерсантқа» айтқан. Өйткені Ресей өз аумағында мұндай зымырандарды орнатып үлгерді дейді газет дереккөзі.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя