Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин: РФ адам шығыны 10 есе аз, әзірге жаңа мобилизация болмайды

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің блогерлері мен әскери тілшілерімен кездесу кезінде, Украинаға шабуыл жасағалы бері орыс армиясының шығыны Украинадан он есеге ез екенін, Украина еш жерде жетістікке жетпегенін жеткізді.

Алайда ол қайтыс болғандар мен жараланғандардың нақты санын атамады. Оның сөзінше, Ресей әскері 54 танкі жоғалтқан. Ал Украинаның жойылған танкілері 160-тан асады және 360 бронемашинасы атқыланды деді. Путиннің айтуынша, бұл шетелден келген техникалардың 25–30 пайызы.

Украина президенті Владимир Зеленский таяуда керісінше орыс әскерінде көп шығын болғанын мәлімдеген.

Ресей президенті Мәскеу Кахов ГЭС-ін жаруға мүдделі емес екенін айтып, Украинаны айыптады.

«Дұрысы олар сол жерде шабуыл бастау керек еді. Біз үшін бұл ұтымды, олар үшін тиімсіз болды. Енді мынадай тасқын болғаннан кейін шабуыл болмады», — деді ол.

Ол сонымен бірге бүкіл елге әскери жағдай енгізудің қажеті жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, әскери міндетін өтеп жатқандарды соғысқа апарудың реті жоқ. Бірақ ол әскери міндетін өтеп жатқандардың Белгород және Курск облыстарында екенін айтып, олар Отан алдындағы міндетін орындауы тиіс деді.

Путин сонымен бірге «қазіргі кезде қосымша мобилизацияға қажеттілік жоқ» деді.

Арнайы операцияның мақсаты өзгере ме деген сұраққа Путин жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ толығымен өзгеріссіз қалады деді. Ол «денацификация» деген сөзді айтқанда, «Украина билігіне келген Степан Бандерашылдар деген тезисін қайталады.

Путин былтыр 24 ақпанда Украинаға қарсы жалпы масштабтық арнайы әскери операция жариялаған. Соғыс бір жылдан астам жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде ондаған мың әскер мен ондаған мың бейбіт тұрғын қаза тапты. Ресей Херсон, Запорожец, Донецк және Луганск облыстарының жартысын басып алды. Бірақ Украина басым бөлігін қайтарып алды.

Соңғы күндері Украина қарсы шабуыл әрекеттерін жүргізіп жатыр. Бірақ басты соққы әлі болмады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM