Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей кедені қырғыз жүк көліктеріндегі тауарды түсіруге мәжбүрлегенін жоққа шығарды

KAZAKBOL.COM

Ресей федералдық кеден қызметі Қазақстан шекарасына жақын «Маштаково» бақылау-өткізу бекетінде Қырғызстанның жүк көліктеріндегі тауарларды түсіруге мәжбүрлеген деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметінің баспасөз қызметі Ресейдің кеден қызметінің жетекшілерімен телефонмен сөйлескеннен кейін хабарлады. «Маштаково» шекара бекетінде Қырғыз жүк тасымалдаушылардың тауарларын түсіру операциясына Ресейдің кеден қызметінің қатысы жоқ» делінген хабарламада.

«Ресейден Қырғызстанға тасымалданатын ауыл шаруашылығы және тез бұзылатын басқа да өнімдерге қатысты «жасыл дәліз» жұмыс істеп тұр, шұғыл топ мұндай тауарларды тексеру операциясын жүргізбейді», — деп түсіндірде Қырғызстаның кеден қызметі.

Еске салайық, өткен аптада әлеуметтік желілерде ресейлік кеденшілердің Қырғызстан жүк көліктеріндегі тауарлардың бәрін түсіртіп жатқаны туралы айтылған видео таралды. Жүргізушілер тауарды түсіріп көрсетпейінше елге кіргізбейтінін айтқан.

Сол кезде Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі тауарларды мәжбүрлеп түсірту операциясы «Маштаково» кеден бекетінде болуы мүмкін екенін хабарлаған. 17 наурызда елшілік Ресейдің құзырлы органдарына үндеу жолдаған.

Қырғызстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Одақ елдері арасында тауар еркін тасылуы тиіс, бірақ Ресей ұйымдағы әріптестеріне қатысты шектеу шараларын жиі қолданып жүр. Мәселен, «Россельхознадзор» Қырғызстан көкөнісін фитосанитария талаптарына сай емес деген желеумен шекарадан үнемі өткізбей қояды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM