Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейде Rossgram әлеуметтік желісі жұмыс істей бастады

KAZAKBOL.COM

Ресейде 28 наурызда Rossgram деп аталатын жергілікті жаңа әлеуметтік желі жұмыс істей бастады. Бұл туралы жобаның ресми сайты хабарлады.

«Rossgram’да сөйлесу, блог жүргізу, бизнес жасау, жаңалықтарды жариялау және өз жобаларын құру үшін бар мүмкіндік жасалған. Тіркеме Android пен iOS базасында істейді», -деп жазылған сайттағы мәліметте.

Осыған дейін Rossgram’ды жасаушы интернет-маркетолог Александр Зубов екені хабарланған. Орыс билігі Instagram желісін бұғаттаған соң жаңа әлеуметтік желі жұмыс істейтінін жариялаған.

21 наурызда Мәскеудің Тверь аудандық соты америкалық Meta компаниясына қарсы құқық қорғау органдарының шағымын қарап, оны «экстремистік» деп таныған.

Сот шешіміне сәйкес, корпорация иелік ететін Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері Ресейде толық бұғатталған. Өлкеде Facebook 4 наурыздан, Instagram 14 наурыздан бастап жабылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM