Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда студентті галстук тақпағаны үшін ұрған ұстаз жұмыстан шығарылды (видео)

KAZAKBOL.COM

13 қарашада Бұхара инженерлік-технологиялық институтының 59 жастағы ұстазы Рамазан Мухиддинов жұмыстан шығарылды. Бұған ұстаздың студентті ұруы себеп болған. Видео әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.

Әлеуметтік желілерде соңғы екі күнде Бұхарадағы жоғарғы оқу орнында мұғалімнің студентті ұрғаны түсірілген видео қызу талқыланды. Ұстаз сапта тұрған жас жігіттерге қол жұмсаған. Бірінің ішінен ұрса, екіншісін шапалақпен салып қалған. Ол студенттерді «текелер» деп балағаттаған.

Бұл видео 6 наурызда түсірілгені, мұғалімнің Рамазан Мухиддинов екені анықталды.

Институт студенттерінің бірі бұл оқиғаны телефонға түсіріп алған. Бірақ видеоны әлеуметтік желіге сегіз айдан соң салған. Мухиддинов студенттерді галстук тақпай келгені үшін ұрған.

Институт басшылығы жұмыс тобын құрып, оқиғаны зерттеген. Видео әлеуметтік желіде жарияланған күннің ертесінен Мухиддинов өз еркімен жұмыстан кететіні туралы арыз жазған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM