Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресей билігі қырғыз мигранттарының заңды сатып алған жерлерін тартып алып жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресейде тұратын 400-ге жуық қырғыз мигранты Қырғызстан президентіне ашық хат жолдады. Олар Тульск облысынан заңды сатып алған жерлерін өздеріне қайтаруға көмектесуін сұрайды.

Аталған аймақтан жер сатып алған көлік жүргізуші Автандил тұрғызып жатқан үйіне биыл күзде көшіп кіремін деп жоспарлағанын айтады.

Бірнеше қырғыз отбасы үй салып, қоныс тойын жасап та үлгерген. Солардың бірі Нұрғалы Қабылбеков өзі салған үйге мамыр айында көшіп келген. Ол Ресей азаматтығын жеті жыл бұрын алған. Енді жергілікті билік оның жерін, салған үйін тартып алғалы жатыр.

6 шілдеде Тульск облысының депутаттары 2016 жылғы бас жоспарға енгізілген өзгерісті қайтадан алып тастаған. Нәтижесінде Клищино ауылындағы жер учаскелері қайтадан ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын болған. Бұл жерлердің бәрін Қырғызстан мигранттары сатып алған. Олардың дені бүгінде Ресей азаматтығын алған.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, бас жоспарға енгізілген өзгерістерді жойған себебі, көрші ауылдарда қоғамдық тыңдау өтпеген. Бірақ жергілікті тұрғындар биліктің аяқасты қабылдаған шешімінде ұлттық мүдде жатыр дейді.

Ресей заңы өзге мемлекеттің азаматтарына жер учаскелерін сатып алуға мүмкіндік береді. Клищино ауылындағы жерлерді мигранттарға «Сотый километр» агенттігі сатқан. Жанжал туындаған кезде, компания жерді енді сатып алып жатқан клиенттерге ақшаларын қайтарған. Ал қалған 350 адамның мәселесі шешіліп жатыр.

Бұл мәселеге екі мемлекеттің билігі әзірге үн қатқан жоқ. Бірақ мигранттар әлі де үміт үзбейді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM