Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресей, Иран және Түркия Сочиде Сирия жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Ресей, Иран және Түркия билігі өкілдері 30 шілде күні Сочиде кездесіп, Сириядағы дағдарысты реттеу жайын талқылай бастады. Келіссөздер екі күнге созылады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, үш ел өкілдері Сирия конституциялық комитетін құру, Сирияда құрылған деэскалация аймақтары мен гуманитарлық көмек көрсетуге қатысты мәселелерді талқылайды.

Мемлекеттік ТАСС агенттігінің мәліметінше, келіссөзге Ресейден Кремльдің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Хуссейн Ансари және Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал қатысады. Басылым дерегінше, келіссөзге сонымен қатар БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура мен Иордания өкілдері бақылаушы ретінде қатысады, АҚШ билігі өкілдері кездесуге қатысудан бас тартқан.

Сириядағы соғыста өзара қарсы тараптарды қолдайтын Түркия, Ресей және Иран бір жарым жыл бұрын Қазақстан астанасы Астана қаласында Сирия бейбіт келіссөзін өткізе бастаған. БҰҰ да Женевада Сирия дағдарысын саяси жолмен реттеу бойынша жеке келіссөз өткізіп келеді.

29 шілде күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Франция, Германия және Ресеймен 7 қыркүйекте Стамбулда Сириядағы соғыс және аймақтағы басқа да мәселелерді талқылайтын жиын өткізетінін мәлімдеген.

Мәскеу, Берлин я Париж әзірге Ердоғанның бұл мәлімдемесіне комментарий білдіре қойған жоқ.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM