Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей мен Батыс неліктен Украина мәселесінің шешім тапқанын қаламайды?

KAZAKBOL.COM

Фото: Malay Mail Online

Украина дағдарысы басталғалы бері, Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс үзбей жалғасып келеді. Соңғы кезде туындап жатқан оқиғалар да екі ел арасындағы теке-тіресті ұлғайтып, өңірдің қайшылығын асқындырды деп жазады Qazaqtimes.kz.

Көршілес, ұқсас тарих пен мәдениетке ие екі елдің де ынтымақтаса өмір сүруі неліктен қиынға түседі? Бұл сұрақтың жауабы көпшілігімізге түсінікті мүдде қайшылығында жатса керек. Десе де, бұл мәселені бірнеше тақырыпқа бөліп қарастыруға тура келеді.

Ресейдің Спутниктік желісінің хабарлауынша, 23 наурыз күні Путин билігінің қарсы Ресейдің бұрынғы оппозиция мүшесі Краков Украина астанасы Киевте атып өлтірілді. Осыдан кейін Украина президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жариялап: «Бұл Ресейдің жіңішкелікпен жоспарлаған кісі өлтіру ісі болып табылады», – деген.

Ал, бұған «Киев тарабының Краковтың өлтірілуін ресейлік барлау агенттеріне итеруі күлкілі», – деп жауап берді Ресей президентінің өкілі Песков. Осыған қарата АҚШ-тың «Атлант айлығы» басылымы арнайы мақала жариялаған болатын. Мақалада: «Біз оның кімдер жағынан өлтірілгеніне толықтай сенімді емеспіз, алайда екі мүмкіндіктің бар екені анық. Қатысты зерттеулер мен нәтижелер Ресей мен Украина арасындағы саяси ойындар мен егесті негізгі себеп етіп көрсетіп отыр», – деген қортынды  айтылған.

Осыдан бір ай бұрын, 18 ақпанда Ресей спутниктік желісі Путиннің маңызды жарлыққа қол қойғанын хабарлаған еді. Бұл Донецк және Луганск аймақтарында Украина азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғалардың құжаттарын, дипломдарын, неке куәлігі тағы басқа да құжаттарын мойындау туралы жарлық болатын.

Бұған қарсы Украина мемлекеттік ақпарат қызметі Путиннің шындап жарлық шығарып, Украина территориясын заңсыз басқаруға алғанын сынға алған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM