Мәскеудің «Вешняки» ішкі істер бөлімінде тергеу кезінде қаза тапқан 38 жастағы тәжік мигранты Илхомиддин Шоевты туыстары отанында жерледі.
Полиция мәліметі бойынша, Тәжікстан азаматы жүрек-қан тамырлары ауруынан көз жұмған. Бірақ туыстары Илхомиддин тергеу кезінде азаптаудан қайтыс болды деп есептейді.
«Сүйегін жуған кезде, оның денесінен көгерген іздер байқадық. Біз Илхомиддин азаптаудың құрбаны болғанына көз жеткіздік», — деді марқұмның әкесі Шарофиддин Шоев.
Шарофиддин Шоевтың көршісі Абдурахим Самадов та марқұмның қол-аяқтары ұрғаннан көгеріп кеткен дейді.
Шарофиддин ұлының 2015 жылдан бері Ресейде жұмыс істегенін айтады. «Таяуда ғана ұлым звондап, жақын күндері елге қайтамын деген еді»,- дейді марқұмның әкесі.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлағанындай, 21 қарашада Мәскеуде полиция қызметі аса ірі көлемде қарақшылық жасады деген айыппен Тәжікстанның 18 азаматын ұстаған.
«Ұсталғандар арасында 38 жастағы тәжік азаматы болған. Қарсылық танытқаннан оның қолына кісен салынған. Полиция бөлімшесінде ол кенеттен өзін нашар сезініп, есінен танып, құлаған. Жедел-жәрдем дәрігерлері келгенше, ол көз жұмған», — деді «Москва» жаңалықтар агенттігіндегі дереккөз.
KAZAKBOL.COM