Бес жастағы тәжік қызы Хувайдоның әкесі Абдусалом Саидов Мәскеуден оралды. Ол қызының өліміне қатысты іс бойынша сот басталғанша Тәжікстанда болады.
Абдусалом Саидов тамыз айында Мәскеуге барып, адвокатымен бірге сот процесіне дайындалған. Бірақ айыпталушы Александр Семин отбасы оған қысым жасай бастаған.
«Маған екі мәрте ақша ұсынды. Әуелі алты млн, одан соң он млн рубль бергісі келді. Мен бас қарттым. Сосын Семиннің адвокаты менің үстімнен қорқытты деп арызданған. Адвокатым сот басталғанша Тәжікстанда бола тұруымды сұрады», — деді Абдусалом Саидов.
Оның айтуынша, сот 22 желтоқсанда басталады.
Хувайдо өліміне күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 18 желтоқсанға дейін созған.
KAZAKBOL.COM