Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ринат Зайытов: Премьер-министр мен депутаттар бізге бастық емес

KAZAKBOL.COM

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов қоғамдағы әділетсіздіктер туралы өз пікірін білдіріп, премьер-министр, депутат, әкімдерді бастық емес, халықтың қызметкерлері деді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Алматы арнасының «Өткір тіл» бағдарламасында айтылды.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік проблемаларға назар аударған ол заңды белден басу мәселелесіне де тоқталып өтті.
«Біз қазір бір ауданның әкіміне барып, адам құсап, сол елдің мұң-мұқтажын айта алмаймыз. Айта алсақ та, ол оны елемейді де. Халықты, қарапайым адамдарды мал құрлы санамайтын дәрежеге жеттік. Төрт-бес адамды көшеде мыжып өлтірген адам ертеңінде көшеде аман есен жүреді», — деді ол.
Ринат Facebook желісінде өзінің атын жамылып, ел арасына іріткі салып жүрген желі қолданушысына да тоқталып өтті. Айтуынша, Қанат Исламның жұбайын әсіре діншіл деп айыптаған ол желі қолданушысының кесірінен қытай қазақтары Ринатқа келіп өкпе-реніштерін де жеткізген екен.
«Біздің ата-заңымызда Қазақстанның негізгі билігі халықта, қалғанының бәрі атқарушы билік деп жазылған. Демек, премьер-министр, депутат, облыстың әкімі барлығы халықтың қызметкерлері. Бастығымыз емес. Осының ара-жігін ажыратып алу керек», — деді Ринат.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM