KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Самарқанд облысы аумағында мемлекеттік резервтегі «Каракутан» шахтасында алтын іздеген екі азамат қаза тапты.

Пахтачи ауданындағы шахтада алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан үш азаматты тас басып қалды.

«Адамдар көмекке келіп, оларды шахтадан шығарып алған. Бірақ екі адам мерт болған, үшіншісі ауруханаға жеткізілді», — деді куәгерлердің бірі.

Өзбекстанның бас прокуратурасы шахтада заңсыз алтын өндірумен айналысқан екі адамның мерт болғанын растады.

«Каракутан» кенінде кезінде алтын өндірілген. Қазір мұнда жұмыс тоқтап тұр.

Пахтачи ауданы тұрғындарының айтуынша, аймақта жұмыссыздардың 70 пайызы алтынды заңсыз өндірумен айналысады.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя