Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

KAZAKBOL.COM

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жексенбіде «Табыс» коммуналдық базар ішін аралап жүргенінде, келеңсіз жағдайдың куәсі болды деп жазады aktobenews.kz.

Бақылау таразысының қасында тұрған сатып алушылардың бірі Бердібек Машбекұлына ет сатушысының өзін бағадан жаңылыстырғанын айтып шағымданды.

Әкім кінәлі сатушыға сол жерде ақ:

«Бұлай халықты алдайтын болсаңыз, сізге сауда жасауға рұқсат берілмейді!», — деп қатаң ескерту жасады.

Ал базарда тұрып, тары мен талқан, құрт сататын 86 жастағы Ханзада әжеге өңір басшысы риза болды. Әжейге қажет өнімді Әйтеке би ауданында тұратын келіндері дайындап, беріп жіберетін көрінеді.

«Бойымда күш қуатым бар кезде осылай жұмыс жасап, оларға көмектескенімнің несі айып», — дейді Ханзада әжей.

Қарт ананың белсенділігіне риза болған облыс басшысы:

«Міне, қит етсе жұмыс жоқ деп шағымданатын жастарымыз үшін үлгі болар жан. Халыққа көрсетіңдер. Осындай адамдар туралы жазу керек», — деді кейуанаға ризашылығын білдірген өңір басшысы журналистерге.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM