Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сауд Арабиясы банкрот болуы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Сауд Арабиясы банкрот болуы мүмкін. Блумберг басылымына сұхбат берген ханзада Мұхаммед бен Салманның кеңесшісі үкіметтің бар әрекетін жайып салды.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Оның айтуынша, өткен жылдың көктемінде Саудия билігі қордағы ақшаны оңды-солды шашып, шаш етектен шығынға батқан.

«Тіпті, мұндай қарқынмен 2 жыл ішінде құрдымға кетуі мүмкін еді», — депті саясаткер.

Королдіктің экономика саясатына жетекшілік ететін Мұхаммед пен оның кеңесшісінің әңгімесінен 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында мұнайдың құлдырауы салдарынан резервтегі ақша бір айда 30 миллиард долларға азайып қалғаны да белгілі болды. Тақырға отырудың алдын алу мақсатында ханзада бюджеттің 25 пайыз шығынын қысқартты. Қатаң қадағалау шарасын қолға алып, қосымша құн салығын енгізе бастады. Соның нәтижесінде резервтегі ақшаның азаю қарқыны бәсеңдей түскен.

Агенттіктің мәліметінше, былтыр Халықаралық валюта қоры Сауд Арабиясының валюта резервінің көлемі арзан мұнай жағдайында елге 5 жыл қаннен-қаперсіз өмір сүруіне мүмкіндік береді деп болжаған-ды. Королдіктің қаржы министрлігі таратқан ақпарға сай, биыл шығынның көп мөлшері қарулы күштер ведомствосына бөлінген. Бұл шамамен 57 миллиард доллар. Былтырғы қаржы жылы 98 миллиард доллар тапшылықпен жабылғаны да мәлім болды.

Ақпарат құралындағы сұхбатына қарағанда ханзада Мұхаммед «қара алтын» құнына алаңдап отырған жоқ. «Қымбаттаса, инвестиция артады, арзандаса, біз дамып келе жатқан Азия нарығындағы үлесімізді ұлғайтамыз» деген ойын жеткізді.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM