Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Саясаткер Жасарал Қуанышәлин ауыр науқастанып, аурухананың жансақтау бөліміне түскен

KAZAKBOL.COM

74 жастағы оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин ауыр науқастанып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты оның жақындары мен жақтастары хабарлады. Саясаткердің әйелі, ақын Айсұлу Қадырбаеваның сөзінше, Қуанышалин үйде жалғыз болған.

– Кейінгі жарты жылда өзім де ауруханада жатырмын. Соңғы рет сөйлескенімде «маған ауруханаға жат деп жатыр» деген еді. «Маған қарайламай, жата бер» дедім. Бүгін серіктері телефон соғып, «есін білмей жатыр» деп хабарлады, – деді Айсұлу Қадырбаева.

Қоғам белсенділері Бибігүл Жоламанова мен Арман Иманжановтың айтуына қарағанда, Жасарал Қуанышәлинді бүгін сағат 12.00 кезінде жедел жәрдем ауруханаға әкеткен. Қазір ол Алматыдағы қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM