Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сегіз адам қаза тапқан көлік апаты президент Мирзияевтің бір туысының кесірінен болды – дереккөз

KAZAKBOL.COM

13 наурызда Өзбекстанның Жизақ облысындағы Даштабад қаласында бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапқан жол апаты тіркелді. Олардың үшеуі – 5, 7 және 10 жастағы балалар.

Мәліметтерге қарағанда, жүйткіп келе жатқан «Киа» автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, келесі бағыттағы «Нексия» автокөлігіне соғысқан.

Көлік апатының куәгерлері мен «Озодликтің» Жизақтағы дереккөзінің айтуынша, «Киа» рөлінде 15 жастағы Ибрагим Абдукаримов отырған. Ол — Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев отбасының туысы.

– Оқиға орнына шамамен бес минуттан соң келіп, адам шошырлық көрініске куә болдым. «Киада» бозбала отырды. Оның басқа бір көлікке отырғызып, ауруханаға алып кетті. «Нексия» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушыларына қарау мүмкін емес еді. «Жедел жәрдем» оларды да алып кетті, — дейді оқиға болған орынға жақын маңда тұратын куәгер.

Бейнебақылау камерасы түсіріп алған видеодан «Киа» автокөлігі жүйткіп келе жатып ақ түсті «Нексия» автокөлігін басып озғанын, одан соң жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бағыттағы қара түсті «Нексияға» соғысқанын көруге болады. Видео «Озодлик» редакциясында бар.

Көлік апатынан «Холкабод» махалласының 60 жастағы тұрғыны Ходжам Бекмұротов, оның әйелі, баласы мен келіні, үш немересі және немере інісі («Нексия» жүргізушісі), барлығы сегіз адам қаза тапты.

«Киа» автокөлігінің жүргізушісі, 15 жастағы Ибрагим Абдукаримов аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Оның миы шайқалған, аяғы мен омыртқасы сынған.

Жизақ облысындағы мемлекеттік мекемелердің бірінде істейтін дереккөздің айтуынша, Ибрагим Абдукаримов Өзбекстан президентінің немере ағасы Мұхтар Мирзияевтің туысы болып келеді. Мұхтар Мирзияев ішкі істер министрлігінде ірі қызмет атқарады. Бұл мәліметті аймақтағы махаллалардың бірінің төрағасы растады.

Жизақ облысының ішкі істер басқармасы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Басқарма таратқан ресми мәліметте көлік апатына себепкер болған жүргізушінің жасы көрсетілмеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM