Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сенат спикері: Ресей бізден көмек сұраған жоқ

KAZAKBOL.COM

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ресей Қазақстаннан әскери көмек сұрамады деп мәлімдеді. 24 ақпанда ақпарат құралдары спикерден Ресей көмек сұраса, Қазақстан Украинаға әскерін жібере ме деп сұраған.

– Екі жақты формат аясында Ресей бізге қайырылған жоқ және қайырылмайды деп те ойлаймын, – деді сенат төрағасы.

Спикер сонымен бірге қазақстандық бітімгер әскерді қақтығыс аймағына жіберу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді.

— Бұл тұрғыда біздің ұстанымымыз айқын: Қазақстан БҰҰ мандатына сай өз бітімгер әскерін ҰҚШҰ аймағынан тыс жерге жібере алады. Ал ҰҚШҰ-ның бітімгер күштері ұйымға мүше елдердің аумағында ғана пайдаланыла алады. Қақтығыс аймағы (Украина — ред.) ұйымға мүше елдердің территориясына кірмейді, – деді сенат спикері.

Әшімбаев сонымен бірге «егер БҰҰ деңгейінде шешім қабылданып, өзге елдер оны қолдаса, БҰҰ мандатына сәйкес Қазақстан бітімгер әскерін әлемнің кез келген жеріне жібере алады» деді.

Украинадағы жағдайға тоқталған сенат спикері:

– Менің ойымша, бұл өте күрделі қақтығыс. Біз әскери текетірес, санкциялар соғысына куә болып отырмыз, – деді ол.

Ол бұған қоса, «дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге әлі де болса мүмкіндік» бар деп Қазақстан «қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуіне мүдделі» деді.

Оның ойынша, «тараптардың мүддесін ескеретін келіссөздер» жүргізілуі тиіс. Сенат спикерінің пікірінше, аталған келіссөздерді БҰҰ жарғысы аясында өткізу тиімдірек.

24 ақпанда таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаны «демилитаризациялау» мақсатында Донбаста «әскери операция» басталғанын хабарлаған. Путиннің сөзінен кейін Харьков, Киев, Краматорск қалаларында жарылыс (бұл қалалар Донбасқа кірмейді) болғаны жайлы хабар тарады. Одан бөлек, Донбаста сепаратистердің атқылауды күшейткені хабарланды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM