Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шарын шатқалындағы сел кезінде жоғалған 11 жасар қыз табылды

KAZAKBOL.COM

Алматы облысы Шарын шатқалындағы сел кезінде жоғалған 11 жасар қыз 30 мамыр күні таңертең аман-есен табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қыз бала 2021 жылғы 30 мамырда сағат 09:34-те құтқарылды. «Шарын» өзені бойындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде «Шарын» МҰТП қызметкері 2010 жылы туған қызды тапқан» делінген баспасөз хабарламасында.

Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, қыз табылған жер жағалау жартасты және өтуге қиын жер саналады.

Баспасөз хабарламасына қарағанда, табылған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілген, әзірше жағдайы орташа.

29 мамыр күні шатқал аумағына қысқа мерзімді қатты жауын түсіп, соңы батпақты селге ұласқан. Құтқарылған қыз осы селмен ағып кеткен. Екі адам қайтыс болған. Қайтыс болғандар № 199 мектеп-гимназиясының мұғалімі мен оқушысы. Тағы үш оқушы қазір ауруханада жатыр.

Шарын шатқалы – Алматы облысындағы бірегей табиғи аумақтардың бірі. Оны АҚШ-тағы Үлкен каньонмен жиі салыстырады. Алматы қаласынан 200 шақырымда орналасқан Шарын өзені бойымен 154 шақырымды алып жатыр. Шатқалға жыл он екі ай жүздеген адам барады. Танымал туристік объект саналады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM