Елімізде шенеуніктер арасында «командалық ауысу» үрдісі жойылар емес. Мұндай жағдай түрлі билік деңгейін жайлаған. Тіпті, әкімдер жаңа жұмысқа өткенде 30-ға жуық «жандайшаптыларын» ертіп жүреді. Мұнымен қоймай президентке де қызмет тағайындалғандар туралы өтірік есеп береді екен. Бұл теріс үрдіс несімен қауіпті? Т Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Командалық ауысу туралы әңгіменің бір шеті бүгінде бас қаланың әкіміне де тиіп жүр. Ашық ақпарат көздері Алтай Көлгінов елордаға ауысқаннан кейін Батыс Қазақстан облысында қызметтес болған Алтынбек Қайсағалиевті шақырғанын меңзейді. Қайсағалиев қаладағы үлескерлер мәселесін шешу үшін келсе, тағы бір «Батыс қазақстандық» Қайсар Маңқараев елорданың әкімдігінде стратегиялық мен бюджеттік жоспарлауына атсалықпақ. Сондай-ақ жақында Білім басқармасына Шолпан Қадырова келді. Маманның қайдан екенін түсіну қиын емес сияқты. Бірақ Алтай Көлгіновтың командасындағы ауыс-түйіс Владимир Божко келтірген жағдайдың қасында «айтарлықтай» мәселе емес сынды. Өйтені, Мәжіліс төрағасының орынбасарына сенсек, аты-жөні белгісіз әкім 27 маманды жаңа қызметіне ауысқанда өзімен ала кеткен. Сондықтан ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шүйлікті.
ЦИТАТА
ВЛАДИМИР БОЖКО, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Сіздер бір шара қолдануларыңыз керек. Жалпы ортақ саяси құжатты жазып қана қоймай, мүмкін заңға осы мәселені қадағалайтын тетік те енгізерміз. Сіздер тиісті жерлерге барып, жағдайды толық зерттеу керексіздер. «Неге Президенттің өздеріңмен адам тасымаңдар деген нұсқауына қарамастан, төрт адамды алып келді» деген сынды сұрақтар қойылу керек».
Қасына адамын ертіп жүретін жағдай түрлі билік деңгейін де кездеседі екен. Саясаттанушы Ерлан Саиров бұл үрдіс жаппай жемқорлыққа итермелейтініне сенімді.
ЕРЛАН САИРОВ, САЯСАТТАНУШЫ
«Облыс әкімі, аудан әкімі, министр болсын бір креслодан ауысқанда артынан 30-40 адамы босып жүреді. Бұл әрине біздің мемлекеттік қызмет жүйесінің жаман жағы. »
Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары елімізде мемлекеттік аппарат құрылымында 500-ден астам өзгеріс болғанын тілге тиек етті. Органдардың қайта құрылуы, мамандардың ауыс-түйісі білікті қызметшілердің шетелге кетуіне түрткі болыпты. Бір орыннан бір орынға шегірткедей секіретіндерді де сынады. Өзі кетсе жақсы ғой, өзгені де ала кететіні де көңіл көншітпейді, дейді Президент.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«До сих пор имеется случаи покровительство. И продвижение по служебной лестнице по знакомству, через влиятельных опекунов. Это же ведь правда. И все это мы знаем. Это недопустимо. Такую систему нужно подвергать критическому анализу. В том числе через общественное мнение. По-другому уже нельзя.»
Елде осы ауыс-түйіс туралы көрсеткіштерң жайындағы есеп қағаздары да өтірік толтырылады екен. Мысалы, басшы ауысқанда кадрлық құрамындағы өзгерістер құжатта 6-10 пайызды құрайды десе, шындығында жағдай мүлдем басқаша. Бұл да Мемлекет басшының ескертпесі. Жалпы, бізде басшылықпен бірге, ешқандай мемлекеттік орынға конкурссыз тек көмекшілері, кеңесшілері мен баспасөз хатшылары келе алады. Ал, қалғаны протекционизм, яғни таныс-тамырын заңсыз қызметке тарту болып есептеледі.
KAZAKBOL.COM