Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент полицейлері 8 наурыз мерекесіне орай 200-ден астам әйел қызметкерлерді марапаттады. (фото)

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы  Полиция департаментінде «8 наурыз — халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға арнайы  қызмет бабында қаза тапқан ішкі істер органы қызметкерлерінің жұбайлары шақырылды. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың құттықтау хаты оқылды.  Департамент бастығы Ералы Жумаханбетов Ішкі істер органдарында қызмет атқаратын әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, қызметтеріне жемісті табыс тілеп, әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін деп жылы лебізін білдірді.

Салтанатты шара барысында қызметтің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін ҚР ІІМ құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің 6 қызметкер грамота және алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, Департамент бастығының бұйрығымен қызмет бабында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің 8 жұбайы мен 11 қызметкер грамотамен марапатталды. 200-ден астам қыз-келіншектерге ақшалай марапат жасалды.

Салтанатты жиын соңы полиция қызметкерлерінің құралған өнерпаз ұжымының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.  Полицияның ер азаматтары ән айтып, қыздарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM