Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте аядай үйде алты баласымен тұратын ана үйін жылытуға қаржы таппай отыр (фото)

KAZAKBOL.COM

Көмекке мұқтаж отбасы. 31 арнадан кадр

Шымкентте шағын ғана үйде 15 адам өмір сүріп жатыр. Күйеуі, екі қызы мен анасының мүгедек екенін айтқан 33 жастағы алты баланың анасы жомарт жандардан көмек сұрайды деп хабарлайды 31 арна.

Қатар орналасқан бір бөлмелі екі шағын үйде үш отбасы тұрады. Айжан Байғазиева алты баласының төртеуі мектепке баратынын, күйеуі, екі қызы мен қолында тұратын анасының мүгедек екенін айтады. Өзінің туған інісі мен келіні де үш баласымен осында екен. 15 жанға азық әкеліп, табыс табатын бауыры құрылыста апат болып, төсекке таңылған. Төлемақысы төленбеген соң, көгілдір отынның қиылуы да жығылғанға жұдырық болыпты.

«Үлкен қызымның бір көзі тоқсан пайыз көрмейді, екіншісі алпыс пайыз. Екінші қыздыкі алпыстан көрмейді. Зейнетақыға жүгірдім, болмады. Рұқсат жоқ деді. Бәріміз үйдеміз. Шешеміздің зейнетақысы бар, соған қарап отырмыз», — дейді тұрғын Айжан Байғазиева.

Жаз бойы тамақты сырттағы ошақта дайындаған отбасы, күн суытқалы қиналып отырғандарын айтады. Жергілікті депутат қол үшін берген азын-аулақ қаржыға газ-баллон толтырып, тамақ сатып алыпты. Жүйке-жүйесі сыр берген кәрі анама да бір адам керек дейді Айжан.

«Көшедегі адамдарды ұрады, балаларды ұрады. Содан соң, артында бір адам жүреді. Шығып кетіп қала беретін. Дарбазаның барлығын жауып отырамыз, байлап», — дейді Байғазиева.

Шымкенттің Қаратау ауданына қарайтын «Достық» шағынауданында аз қамтылған отбасылар аз емес екен. Алайда, Байғазиевтердің халі басқалардан да мүшкіл дейді көше комитеті төрайымы.

«Бұлардың үйінде табыс тауып отырған ешкім жоқ. Төрт баласы мектепке барады. Енді өзінің семьясын бағады ма, анасының балаларын бағады ма, халдері өте ауыр», — дейді Көше комитеті төрайымы Сайдынкүл Асан.

Көше комитеті жетекшісі ішерге азығы қалмаған Айжанды ертіп, қайырымды жанға екі рет ертіп апарғанын, азын-аулақ көмек те болғанын айтады. Алайда бұл әрекет мәселені түпкілікті шеше алмайды, сондықтан қайырымды жандардан көмек болса дейді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM