Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте базарды сүруге қарсылық білдірушілерді полиция ұстап жатыр

KAZAKBOL.COM

Дүйсенбі таңертеңнен бастап Шымкент қаласының Төле би көшесінің бойында орналасқан «Орталық Қырғы базарынң» саудагерлері 30 шақты дүңгіршектерін бұзуға наразылық танытты. Таңғы сағат ондар шамасында бұл жерге полицейлер, сот орындаушылары мен прокуратура өкілдері келді.

Сот бұзуға шешім шығарған 34 дүңгіршектің саудагері кеше сауда орындарын сүруге қарсылық танытып, түнде бала-шағасымен дүңгіршектерде түнеген. Сүру жұмыстары басталмай тұрып сот орындаушылары саудагерлерге сүруге қарсылық танытса бес тәулік әкімшілік қамауға алынатынын немесе айыппұл салынатынын ескерткен.

Бірақ саудагерлер оны елемей, сүру жұмыстарына қарсылық көрсеткен оншақты әйелді полиция ұстап, көлікке отырғызып алып кетті. Дүңгіршектерінен шықпай отырған біраз саудагерді полиция қызметкерлері күшпен сыртқа шығарды. Кейбірі өз еркімен тауарларын жинап жатыр.

Саудагер Алтынай Нарымбетова екі күн ішінде басқа жақтан орын тауып, дүңгіршектерін босата алмайтындарын айтқан. Олар билік орындары өздеріне екі ай уақыт берсе, сатушылар базардан өз еркімен кетуге дайын екенін жеткізген. Прокурорлар саудагерлерге базардың ішінен орын тауып беруді ұсынғанымен, сатушылар «базарда сауда болмайды» деп, көшуден бас тартқан.

Базар алдын полиция қызметкерлері қоршап, ішке ешкімді өткізбей тұр. Оқиға орнына дүңгіршектерді сүруге арнайы техника, өрт сөндіру техникалары мен жедел жәрдем көлігі әкелінген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM