Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік жігіт тоқал алған отбасыларға 100 мың теңгеден сыйақы беруді ұсынды

KAZAKBOL.COM

Кенжехан Дүйсенбиев. Фото желіден алынды

Шымкенттік журналист мемлекет екінші әйел алуды заңдастырып қана қоймай, ол үшін субсидия беру керек деп есептейді. Оның ойынша еліміз мал мен өсімдіктерге берілетін қаржылай көмекті халық санын көбейтуде де аямау қажет.

Бұл туралы журналист өңірдегі  NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Шымкенттегі жергілікті арналардың бірінде жұмыс істейтін журналист Кенжехан Дүйсенбиев кең байтақ жері бар Қазақстанда халық саны көбеймей қала ма да деп қатты алаңдайды. Өйткені бала бағу да қаржыны талап етеді.

Сонымен қатар небір бойында қайраты бар жігіттер екінші әйел алып, ел демогарфиясын көтеруге дайын тұр. Тек материалдық жағдай мен заң тұрғысындағы шектеу оларға кедергісін тигізіп отыр.

«Қазір не көп, бойдақ қыздар көп. Демографияны, халық санын көтереміз деп шырылдап жатырмыз. Бірақ, ол билік тарапынан ешқандай қолдау тауып жатқан жоқ. Мемлекеттен дүниеге келген әрбір сәбиге берілетін жәрдемақының өзі бір-ақ жыл беріледі де ары қарай тоқтайды. Қазір көп отбасылар бала санын көбейтуде қаржы тапшылығын сезінеді. Өсімдіктер мен асыл тұқымды сиыр, бұқаларға дейін мемлекеттен субсидия беріліп жатыр. Мәселен,әр сиырға 200-500 мың теңге қаржылай көмек алатындар бар. Былайша қарасаң, барлық салаға ақша бөлініп жатыр. Тек адам капиталына бөлінбейді», —  деп ашынды журналист.

Қаламгердің пікірінше, екінші әйел алуды заңдастыру арқылы халық санын көбейтуге үлкен жол ашылмақ.

«Бізде екінші әйел алуға заң тұрғысында рұқсат жоқ. Дегенмен жағдайы барлар алып жатқанын өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Меніңше тығылып-қашып жүріп басқа әйелге барып, зина жасағаннан гөрі мемлекет екінші әйел алуға заң тұрғысында рұқсат беруі керек. Сонымен қатар бойында қуаты бар кейбір жігіттер екінші әйел алғысы келгенімен материалдық жағдайы жоқ. Себебі шариғатта екі әйелге теңдей қарау керек делінген. Біреуіне үй алып бердің бе, екіншісіне тура солай жасау қажет. Сондықтан да менің ойымша екінші әйел алып, халық санын көбейткісі келетіндерге мемлекеттен субсидия берілсе деймін. Субсидия көлемі шамамен айына 100 мың теңге көлемінде болса, ол тек бала дүниеге келген соң берілуі тиіс деп ойлаймын. Кейін көмек әр балаға тағы 50 мың теңгеден көбейіп отырса деймін. Халық санын көбейту үшін субсидия жағы қарастырылған дұрыс деп ойлаймын», -деп сөзін түйген Кенжехан Дүйсенбиев бұл ұсынысы қолдау тапса, өзі де екінші әйел алуға дайын екенін жеткізді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM