Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында көлік құралын құжатсыз басқарған 368 жүргізуші анықталды

KAZAKBOL.COM

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 19-шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Мақсаты — қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 29 күнінде 30 737 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 749 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Атап айтқанда: техникалық байқаудан өтпеген – 790, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 979 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 4617, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 570, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 115, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 264, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 313, авариялық жағдай туындатқан – 122, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 76, көлік құралын мас күйде басқарған – 87, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 368 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 1632 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 17975 хаттама толтырылды.

Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM