Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы «мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін алға жылжытып беремін» деп, алдын ала 1 500 000 (бір жарым миллион) теңгесін алып, алаяқтық жолмен алдап кеткенін көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бір тәуліктің ішінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Азаматшаның жасы — 34-те, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Қазіргі кезде ұсталған азаматша алаяқтық жолмен алған ақшасын жәбірленушіге қайтарды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM