Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: Ұялы телефондардың құны қымбат құлаққаптарына ұрлыққа түскен

KAZAKBOL.COM

Оқиға 2022 жылдың 7-қарашасында, түнгі сағат 22:50-де орын алған.

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 22 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, 1-қараша күні тұрмыстық-техникалық дүкеннің бейнебақылау жүйесін тексеру барысында, күндізгі сағат 12:17 шамасында сатылым сөресінде тұрған құны қымбат «Samsungb Galaxy Buds 2 pro» және «Samsungb Galaxy Buds 2» маркалы құлаққаптарын жас шамасы 25-30-дардағы ер азамат ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын жазып көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 299 970 (екі жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз жетпіс) теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай, 12 сағаттың ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы — 34-те, жұмыссыз. Қазіргі кезде өз кінәсін толықтай мойындап отыр.

Полиция қызметкері ұсталған азаматтың басқа да осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM