Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: 18 жасар студент телефон ұрлап ұсталды

KAZAKBOL.COM

Оқиға 2023 жылдың 16-қаңтарында, түнгі сағат 22:40-та орын алған. Бірге тұратын танысы «VIVO Y31» ұялы телефонды қолдана тұрамын» деп, уақытша сұрап алып, кері қайтармай қойған.

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 18 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, өзімен бірге бір пәтерді жалдап тұратын танысы оның «VIVO Y31» маркалы ұялы телефонын қолдануға уақытша сұрап алып, заңсыз иемдену үшін оқиға орнынан бой тасалағандығын жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге.

Аталған жайт ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеуге алынды.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 18-де, студент.

Қазіргі кезде ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты зат — телефонды сатып, жеке басына жаратып жіберген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, қос құрдас оқу орнында таныс болған. Бір-бірін 1 (бір) жылдан бері таниды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Шымкент қаласы Полиция департаменінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM