Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 47 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, өзі Шымкент қаласының ірі сауда орталықтарының бірінде әкімші болып жұмыс жасайтынын, 30-қаңтар түс қайта сағат 16:00 шамасында сауда сөресінде тұрған 1 (бір) дана «Түркістан» маркалы коньяк ішімдігін белгісіз азамат жасырын түрде жымқырып кеткендігін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 1769 (бір мың жеті жүз алпыс тоғыз) теңге.
Аталған жайт ҚР ҚК-тің 187-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары хабарды алған бойда шұғыл түрде қажетті шараларды қабылдап, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 40-та, жұмыссыз.
Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Анықталғанындай, ер адам дүкенді аралап жүріп, өзінің талғамындағы коньякты таңдап, құнын төлемей дүкеннен бой тасалаған. Сауда орталығынан шыққан бойда үйіне дейін шыдай алмай, сондағы автотұрақта конькты ашып, бірден ұрттап таусып қойған.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Шымкент қаласы Полиция департаменінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM