Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент гарнизонында 900-ден астам әскери маман даярлануда


Әскерилерде оқудың жазғы кезеңінің басталуымен осы жылдың көктемінде Шымкент гарнизонының әскери бөлімдеріне шақырылған жас сарбаздар үшін әскери қызметшілердің барлық санаттарымен бірге мамандық бойынша дайындық басталды.

 

Дайындық әрбір әскери мамандық бойынша жеке жүргізіледі және ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады. Жас жауынгерлер функционалдық міндеттерін, сеніп тапсырылған штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды дұрыс қолдану тәртібін үйренеді.

Әскери қызметшілер оқу топтарының құрамында шұғылданады. Оқытуды тәжірибелі маман-нұсқаушылар жүргізеді.

— Шымкент гарнизонының бөлімдерінде мамандықтар бойынша барлығы 90-нан астам оқу топтары құрылды, сондай-ақ 100-ден астам тәжірибелі сержант-нұсқаушылар іріктеліп, олармен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Сабақтарды сапалы өткізу үшін оқу-материалдық база дайындалды, – деп атап өтті механикаландырылған бригада командирінің орынбасары подполковник Ерден Ахметов.

Т-72 танкінің командирлерін, механик-жүргізушілерін, нысанашы-операторларын және жаяу әскердің жауынгерлік машинасын оқыту үшін тренажер кешендері қолданылады. Жеке құрамды оқ атуға үйрету және оқ-дәрілерді жұмсамай ату шеберлігін арттыру мақсатында «ПРОФИ-2» мультимедиялық панорамалық тренажер пайдаланылады. Олар нұсқаушыға нақты уақыт режимінде оқу процесін бақылауға, аймақтың әртүрлі жағдайларын модельдеуге, ауа-райы мен күннің уақытын өзгертуге мүмкіндік береді.

Оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін дайындық аяқталғаннан кейін әскери қызметшілермен оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізіледі.

 

В Шымкентском гарнизоне подготовят более 900 военных специалистовВ Шымкентском гарнизоне подготовят более 900 военных специалистовВ Шымкентском гарнизоне подготовят более 900 военных специалистовВ Шымкентском гарнизоне подготовят более 900 военных специалистовВ Шымкентском гарнизоне подготовят более 900 военных специалистовВ Шымкентском гарнизоне подготовят более 900 военных специалистовШымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM